loader


Саясат Нұрбек АҚШ-та Гарвард университеті өкілдерімен кездесті

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та Гарвард университеті өкілдерімен кездесті.

Министр еліміздегі білім беру жүйесі мен алдағы басымдықтар туралы айтып, байланысты тереңдету мақсатында жоғары оқу орнымен серіктестік орнату ұсынылды. Бастамаға Гарвард университеті қызығушылық танытып, ынтымақтастықты Қазақстанда студенттер тағылымдамасынан бастау туралы пікір білдірді. Министрлік бұл бастаманы қолдады. Сонымен қатар, тараптар жоғары оқу орындарының өзара бірлескен жобаларын талқылады. Бұдан кейін Саясат Нұрбек IT-де оқитын қазақстандық студенттермен кездесті. Министр студенттерге жоғары білім саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып берді. Жас зерттеушілер мен ғалымдарды қолдау бойынша мемлекет қолға алып отырған шараларды ерекше атап өтті.

Нұрсұлтан Жансейітов, Бостон университетінің студенті:

- Көптеген инсайдтар алдық. Кәдімгідей Жаңа Қазақстанның иісі сезіліп тұр. Өте күрделі мәселелер қозғалды. Құдай қаласа жастарымыз білім алып елге қайта салмай осында ТОП 500 компанияларда тәжірибе жинап барып, елге оралатын болды.

Ильяс Бектас, Пенсильвания штаты университетінің студенті:

- Осы кездесуде IT саласының маңыздылығын айтып өтті. Соған байланысты Қазақстанда IT болашағы үлкен екеніне сенімдімін.

Сондай-ақ...