Жезқазғанға бейнебақылау камералары орнатылды

Жезқазғанда жылдамдықты сақтамайтын жүргізушілер айыппұл арқалай бастады.

Қала көшелерінде жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында автоматтандырылған бейнекамералар іске қосылды. Аталған камералардың көмегімен 2 аптаның ішінде 450-ге жуық құқықбұзушылық анықталған. Бұл құрылғылар әзірге жылдамдық пен бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамаған көліктерді ғана тіркейді. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта бейнекамералардың өзге де тәртіп бұзушылықтарды анықтайтын мүмкіндігін арттыруды жоспарлап отыр.

Арман Әбілқасымов, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл камералардың көмегімен тәулігіне 30-35 жол ережесін бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталады. Осының нәтижесінде қала ішінде орын алатын жол-көлік оқиғалары өткен аймен салыстырғанда 40% төмендеп жақсы нәтижелер көрсетіп отыр.