Биыл 149 индустриалдық жобаны іске қосу жоспарланып отыр

Биыл 1 трлн теңгеден астам сомаға 149 индустриалдық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл жайында құзырлы ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Былтырғы көрсеткіш жоғарылау болған еді. Қолға алынған 160 жобаның құны 2 трлн теңгеден асып жығылған. Үкімет басшысы саладағы жұмыстарды ширату керегін айтып, министрлік алдына тиісті міндеттер қойды.

Әлихан Смайылов – ҚР Премьер-Министрі:

- Менің ойымша экономиканы әртараптандыру қарқынын бәсеңдетуге болмайды. Алдымызда елдегі жалпы ішкі өнімін жыл сайын 4-5 процентке арттыра отырып, тұрақты өсімін қамту міндеті тұр. Бұл мақсатқа жетуде өнеркәсіптің алар орны бөлек. Сондықтан министрлік өңірдегі әкімдіктермен бірлесе отырып, қысқа мерзім ішінде индустрия саласындағы жобалардың тізімін арттыруы тиіс.

Ә. Смайылов: жолдар жолаушы үшін жөнделмейтін сыңайлы

Сондай-ақ биыл жеңілдетілген лизингтің көмегімен елдегі автобус паркін жаңарту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, Қазақстанның халықаралық тасымалдағы үлесін 38-40% дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ тарифті қалыптастыру және субсидиялау процесін автоматтандыру жоспарда бар.

Әлихан Смайылов – ҚР Премьер-Министрі:

- Үнемі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Үнемі жол апаты болады,  жолда адамдар көз жұмады. Жөндеу жүргізілген күннің өзінде сапасы сын көтермейді. Жолды жолаушы үшін жөндемейтін сыңайлы. Жұмыстарды жол жөндеушілер құдды өздері үшін ғана атқаратын сияқты. Марат Кәрімжанұлы, министрлік бұл мәселені қатаң бақылауында ұстап, мәселені тиімді шешетін кешенді шараларды ойластыруы керек.