Бүгін түнде православ қауымы «Суға шомылу» рәсімін өткізеді

Елімізде бұған арнайы 200-ден астам орын әзірленген. Оның төртеуі – Елордада.

Шараға өткен жылы 170 мыңнан аса адам қатысыпты. Осы орайда төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері суға түсу алдында қауіпсіздікті қатаң сақтауға шақырады. Атап айтсақ,  алкогольді ішімдіктен бас тартып, керісінше, тамақтанып алуға кеңес береді. Себебі әлденген адамның ағзасы суыққа төзімдірек болады. Бұл күні құтқарушылар, жедел жәрдем қызметкерлері мен тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Ерасыл Сайпаш, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері:

- Топтасып суға түскен кезде бір-бірінің арасында қауіпсіздік ара қашықтығын сақтау керек. Және шұңқырға жақындаған кезде құтқару қызметкерлерінің сүйемелдеуі арқылы келіп, сүйемелдеуі арқылы кетуге кеңес береміз. Сонымен қатар, көлікпен шұңқырларға тым жақын келмеуге және топтасқан кезде бір орында бірнеше адамның шоғырлануына жол бермеуге тиіспіз.