Жетісу облысында қарлы боранда қалған 9 адам құтқарылды

Олар көлігімен «Үшарал-Достық» бағытында кетіп бара жатқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ырғайты» аймағына жеткенде секундына 26-30 м болатын қатты жел соғып, жолаушылар діттеген жеріне жете алмаған. Шарасыз күйде қалғандарға Алакөл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көмек көрсетіп, оларды «Достық» станциясына жеткізді.