Алматыда пәтер ұрылары мен ұрланған тауарды сатып алушы ұсталды

Қылмыстық топта бес адам болған. Олар Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысының тумалары болып шықты.

«Қаскөйлер бұл істі» жұп-жұпқа бөлініп жасаған көрінеді. Компьютерлік клубта болған ұрлықтың бірі бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалған. Айыпталушылардың әрбір қадамы: терезені сындырудан бастап, ақша мен ұялы телефон ұрлағандарына дейін жазылған.  Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топтың барлық мүшесі және ұрланған тауарды сатып алушы ұсталды. Алған олжаның сәтті сатылатынын анық білген қаскүнемдер тек компьютерлік клубтарды тонап жүрген», - дейді полиция өкілдері. Қазіргі уақытта «топтың» екі ұрлыққа қатыстылығы дәлелденген. Полиция қызметкерлері олардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.