Жұмыс берушілер жалақы көлемін жұмысшымен келісіп белгілеуі қажет

Қазақстан  кәсіподақтар федерациясы «Еңбек кодексіндегі» еңбекақыны белгілеу тәртібіне өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жалақыны индекстеп отыру тәртібін енгізу керек дейді. Оның айтуынша, жұмысшылар өндірісті басқару ісіне де еркін қатысуы қажет. Себебі бұған дейін болған еңбек дауларының басым бөлігі осы жалақы мәселесіне қатысты болған. Қазір федерация заңнаманы жетілдіруге белсенді атсалысып жатыр.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

- Халықаралық стандарттарға сәйкес 10 000 адамы бар кәсіп орындарда 1 инспектор болу керек, біздің елімізде 23 мыңға 1 инспектор, сондықтан бұл жеткіліксіз. Екіншіден, олар қазіргі таңда жергілікті атқару билігіне тәуелді, біздің түсінігіміз оны мына Еңбек министрлігіне бағынышты қылу керек.