Ұлытау облысына жаңа жедел жәрдем көліктері берілді

Ұлытау облысында жедел медициналық көмек станцияларына жаңа көліктер берілді.

Заманауи көшпелі құралдармен жабдықталған техниканың 2-еуі облыс орталығында қалдырылды. Өзгелері Ұлытау мен Жаңаарқа аудандарындағы шалғай елді мекендерге берілді. Бұл – денсаулық сақтау саласы бойынша облыстың кешенді даму жоспарына енген 19 жобаның бірі. Жедел жәрдем көліктерін жаңарту алдағы 5 жылда кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Себебі, қазір облыстағы санитарлық көліктердің 40 пайызы тозған.

Қабыл Абданбеков, көлік жүргізуші:

- Бұрын ауруларды жедел жәрдемнің уазиктерімен, таблетка уазиктермен таситынбыз. Қиындау болатын. Міне, бүгін жаңа жедел жәрдем алып тұрмын. Қуанып жатырмын. Енді уақытында жеткізіп, ішінде барлық оборудованиелер бар екен.