Павлодар кәсіпкерлерді алдаған алаяқ ұсталды

Ал Павлодарда кәсіпкерлерді алаяқ алдап соққан. Успен ауданының тұрғынына күнбағыс тұқымын жеткізіп беремін деп, ұшты-күйлі жоғалған.

Жергілікті кәсіпкер 28 млн теңгесінен айырылып, полицияға шағым түсірген. Алаяқ мұнымен де тоқтамай, Ресейдің Барнаул қаласында тағы бір кәсіпкердің қоймадағы бидайын алып кетеді. Шығын - 24 млн теңге. Павлодар облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері күдіктіні ұстап, абақтыға қамады. Өңірде осындай 7 дерек тіркеліпті. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.