Қарағанды облысында 36 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Қарағанды облысында бірқатар мемлекеттік мекеме мараторийге қарамастан кәсіпкерлерді тексерген. Айыппұл салған.

Олардың заңсыз әрекетін прокурорлар әшкереледі. Сөйтіп, құзырлы орган 36 кәсіпкердің құқығын қорғады.  Олардың 350 миллион теңгесі қайтарылды. Ал заңға қайшы әрекет еткен 50-ден астам қызметкер жауапқа тартылды. Жалпы, кәсіпкерлерді жөн-жосықсыз тексеруге тиым салған мараторий  мерзімі 2024 жылға дейін ұзартылған. Енді олқылыққа жол бермес үшін бақылаушы орган telegram вot каналын ашпақ. Бұл арқылы кәсіпкер тікелей прокурордың көмегіне жүгіне алады. Канал наурыз айында іске қосылады.

Бекзат Ахметов, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:

- Мобильді топтар тәулік бойы, 24 сағат бойы жұмыс істейді. Өткен жылы облыс бойынша 155-тен астам сигнал тексерілді. Әрбір үшінші өз растауын тапты. 7 тексерудің алдын алды. Екеуі заңсыз деп танылды. 6 заңсыз әкімшілік іс жүргізу тоқталды. 23 заңсыз тыйым салу шаралары жойылды.