Оралдық майдангер Иван Гапич 100-ге келді

Өрімдей шағында майданға аттанған жас от пен оқтың ортасында жүріп, қиян-кескі ұрыстарға қатысты.

Польша, Украина мен Кенигсбергті азат етуге атсалысты. Жеңісті Берлинде қарсы алды. Майдангер Мәскеудегі әскери шеруге қатысқан санаулы ардагерлердің бірі. Соғыстан кейін Алматы заң университетін тәмамадап, Қарағандыда прокуратура органында еңбек жолын бастады. 1966 жылы зейнетке шыққан. Оған дейін Батыс Қазақстан облысында 35 жылдай еңбек етті. Салтанатты шарада ғасыр жасаған қарияның өмір жолы туралы жазған кітабы таныстырылып, жорық жолдарынан сыр шертетін деректі фильм көрсетілді.

Иван Гапич, соғыс ардагері:

- Маған осы 100  жыл сүрген өмірімді қайта бастау мүмкіндігі берілсе бәрібір осы жолды таңдар едім. Өйткені, өткені тағдырыма өте ризамын. Әлемде соғыс болмасын, ашық аспан астында тату-тәтті өмір сүрейік.

Жанат Нұрмағамбетова, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті БҚО бойынша басқармасының басшысы:

- Иван Степанович прокуратура саласында ұзақ жыл жемісті еңбек етті. Аңыз адамның ғибратты ғұмыры мен ерлік істерін мақтаныш тұтамыз. Органдағы өнегелі қызметі кейінгі буын әріптестеріне әркез үлгі.

Сондай-ақ...