Екібастұздық жасөспірім кәсібімен елге танымал болды

Екібастұздық Арулат Мұқаметқали небәрі 12 жасында елге танымал болды. Маникюр жасауды кәсіпке айналдырған жасөспірім осыдан 4 жыл бұрын сал болып қалған інісінің еміне қаражат жинап, ата-анасына жәрдемдесу үшін тырнақ әрлей бастаған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде жеке салонын ашып, жас кәсіпкер атанған Арулат шәкірт тәрбиелеуге көшкен. Жуырда Өскемен қаласына нейл-шеберлер бас қосатын кездесуге спикер ретінде шақырту алыпты. Жастайынан еңбекке араласқан жасөспірім кәсіби шеберлердің қатарынан көрінді. Мәскеуде, Португалияда және ел аумағында өткен көптеген халықаралық чемпионаттарда топ жарды. Бір қызығы, Арулаттың ата-анасы да сән әлеміне бет бұрған. Қазір анасы маникюр жасайды. Әкесі мейкапты меңгерсе, інісі шаш қиюмен айналысады.

Арулат Мұқаметқали, маникюр шебері:

- Менің жасым 16-да. Осы кәсіпте мен 3 жыл бойы өте жақсы өстім. Ініммен бірге өзіміздің сұлулық студиямызды аштық және көптеген жетістіктерге жеттім. Әлем бойынша нейл-чемпионатта Мәскеуде 1-ші орын алдым, нейл-олимпиадада 1-ші орын алдым және Гран-при «Белый лотос».