Қызылорда облысы Жалағаш ауданында гемодиализ орталығы ашылды

Қызылорда облысының Жалағаш кентінде гемодиализ орталығы ашылғаннан кейін науқастар Қызылорда қаласына сабылмайтын болды. Жаңа орталық Қармақшы мен Сырдария аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

Отыз бір жастағы Ерсұлтанның бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққанына 2 жылдан асыпты. Содан бері гемодиализ құрылғысына тәуелді. Аптасына 3 рет 100 шақырым жердегі Қызылорда қаласына қатынауға тура келгенін айтады. Аудан орталығында гемодиализ орталығы ашылып, алысқа сабылмайтын болдым, дейді ол.   

Ерсұлтан Талғатов, Таң ауылының тұрғыны:

- Қазір бірінші жол жақындады. Аптасына 3 рет аламын. 4 сағат жатамын. Тамағымыз бәрі уақытылы. Отдышкамен келеміз ғой. Алғасын жақсы болып қаламын.

Диализ залы соңғы үлгідегі медициналық құрылғылармен жабдықталған. Бір мезетте 10 адамға ем жасай алатын орталық Жалағаш ауданынан бөлек Қармақшы, Сырдария аудандарының да науқастарына қызмет көрсетеді. Ем-шара кезінде қауіпсіздік талаптары ескерілген, дейді мамандар.

Әділ Өмірзақ, клиниканың аға мейіргері:

- Оқшауланған зал енді басқа кісілерге қаны гепатит В деген сол сырқатпен ауыратын кісі ол бөлек жатады. Өйткені ол кісінің қаны басқа кісілерге қауіп төндіреді. Сол себепті оңаша оқшауланып жатады. 

Науқастарды емге әкеліп, үйіне жеткізіп салатын тегін көлік те қарастырылған. Бұған дейін аптасына 3 мәрте облыс орталығына қатынап, шығынға батқан жандар бұл игілікке шын қуанып отыр.  

Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев