Ақмола облысында бюджет ақшасын жымқырғандар сотталды

Ақмола облысында электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге жымқырылған.

Бұл жөнінде қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Аталған факті бойынша Целиноград ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен 2 кәсіпкер сотталды. Енді олар жазасын өтеп қана қоймайды, коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқара алмайды. Сондай-ақ, бұрынғы шенеунік өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.