Павлодарда көріпкелге сот үкімі шықты

Павлодардың №2 қалалық соты көріпкел әйелді 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Бірақ оның  кәмелет жасқа толмаған балалары барын  ескеріп, тағайындалған жазаны кейін өтеуге рұқсат берді. Ол алдап, арбау арқылы сенімге кіріп аса ірі көлемде қаржы иемденген. Көріпкелдің қасиетіне сенген қала тұрғыны 120 млн теңгесінен айырылған. Күдікті 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың тамызына дейін отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, балалардың денсаулығын жақсартып, бизнесті өркендету үшін түрлі рәсім өткізген. Тергеу барысында оның 1 жыл бойы жәбірленушіге жалған ақпарат беріп келгені анықталды.

Әсемқоңыр Сайран, Павлодар қалалық №2 сотының судьясы:

- Иманғазинова Анар Жаскенқызы  ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 4-бөлігінің 2 - тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Сотты ып, күдіктіге 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жаза орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтелсін. 5 жыл бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалған  жазаны сотталушы Қылмыстық Кодекстің 74-бабының 1-ші бөлігі негізінде 2028 жылдың 9-шы ақпанынына дейін шегерілсін.