БҚО-да тасқынға тосқын қою шаралары басталды

БҚО-да тасқын қаупі бар өзен-көлдердің бетіндегі қамыс пен ағаштарды шабу, мұз кесу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 2.

Тасқала мен Қаратөбе аудандарының аумағындағы өзендерде қалың қамысты өртеуге тура келген. Сонымен қатар Орал қаласы мен Бөрлі, Ақжайық, Казталов, Теректі, Тасқала және Бәйтерек ауданындағы елді мекендер ерекше бақылауда тұр. Алаңдауға негіз бар, өйткені былтыр тасқын салдарынан 140 тұрғын үй мен 2 бірдей әлеуметтік нысанды су басты. Биыл  мұз жару жұмыстарына облыс бюджетінен 980 млн теңге бөлінді.

Нұралы Мүсиев, БҚО ТЖД басқарма бастығы:

- Көпжылдық мониторингке сәйкес қазіргі таңда облысымызда 138 елді мекен ерекше бақылауға алынды. Сол 138 елді мекенге жалпы саны 2 мыңнан астам жеке құрам, мыңнан астам техника, 105 елді мекеннің ішінде инженерлік-қорғау жұмыстары жүргізілді және осы елді мекендерде қауіп азайтылды.