ШҚО-да салық саласындағы сұрақтар көтерілді

Салық саласында қандай өзгерістер бар? Ауыл тұрғындары мен мұндағы кәсіпкерлерді не толғандырады? Шығыс Қазақстан облысына арнайы іс-сапармен барған Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов қарапайым халықпен жүздесіп, осы мәселелер жайында пікір алмасты. Атап айтқанда, Глубокое ауданындағы жұртпен кездесті.

Жергілікті кәсіпкерлер QR арқылы төлем жасау және сатып алушыларға касса чектерін беру қажеттіліктері жайлы сұрады. Электрондық декларация жайы да қозғалды. Дегенмен шетелдік автокөліктерді заңдастырудың қыр-сыры жайлы сауалдар басымырақ болды. Сондықтан салалық комитет төрағасы бұл процестің мән-жайына ерекше тоқталды.

Данияр Жаналинов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

- Шетелдік автокөліктерді заңдастыру үшін қазір тиісті науқан жүріп жатыр. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша. Бұл көліктер кедендік тазартудан өткен, сонымен қатар ұрланбаған немесе бұрынғы криминалдық тарихы болмаған болуы керек. Бұл, ең бірінші, ең үлкен талаптар.

Қарлығаш Қабдулдинова, Глубокое ауданының тұрғыны:

- Әрине, осындай кездесулер жиірек болса, халық арасындағы көп мәселелер, біздің жоғарғы орындарға тиіп, олар енді біздің халықтың әлеуметтік жағдайының дұрысталуының барлығына үлкен себебі тиер еді деп ойлаймын.