Ақтөбеліктер Түркияға 11 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті

Игі іске тұрғындар, волонтерлар және жергілікті кәсіпкерлер атсалысып, қиын жағдайдағы халыққа дәл қазіргі уақытта қажет болатын заттарды жинап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған жүктің жалпы құны 30 млн теңгеден асады. Бұл туралы жергілікті әуе айлағының баспасөз қызметі хабарлады. Қазір Маңғыстау, Түркістан облыстары және Шымкент қаласында жиналған гуманитарлық көмекті де осы Ақтөбе халықаралық әуежайы арқылы Анадолы жеріне жеткізу жайы қаралып жатыр.