Ақмола облысында заңсыз сақталған 86 қару-жарақ тәркіленді

Арнайы ұйымдастырылған профилактикалық шара аясында жергілікті тәртіп сақшылары қару иелерінен бөлек, аймақтағы қару дүкендеріне де тексеріс жүргізді. 

Заңсыз қару сақтағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал қаруды өз еркімен құқық қорғау органдарына өткізгендерге арнайы сыйақы қарастырылған. Мәселен, өткен жылы жергілікті тұрғындар тіркелмеген 100-ге жуық қару тапсырған. Оларға  6 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді. Жыл сайын ұйымдастырылатын профилактикалық шара бір айға жоспарланған.

Арман Нұрсейітов, облыстық Полиция департаменті бөлім бастығының м. а:

- Атыс қаруын заңсыз сақтағы үшін және заңсыз сатып алғаны үшін ҚР қылмыстық кодексінің 287 бабы бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексінің 484 бабы бойынша 690 қару иесі және қаруды тіркеу ережелерін бұзғаны үшін 486 бап бойынша 194 қару иесі әкімшілік жауапкерлікке тартылды.