Шымкентте ірі көлемдегі контрафактілік өнімдер жойылды

6 ойын автоматы,  40 мың қо-рап темекі, 10 мың бөтелке алкогольдік сусын айналымнан алынды.

Өткен жылы Экономикалық тергеу қызметінің мамандары күдіктілерді анықтап, қолға түсірген еді. Сот тәркіленген заңсыз өнімдерді жою туралы шешім қабылдаған. Контрафактілік өнім әзірлегендер, белгілі брендтер мен қымбат сусындарды қолдан жасап, есепсіз әрі бақылау маркасынсыз сатып отырған.

Камелхан Ысмаилов, қалалық Экономикалық тергеу департаменті басқармасының басшысы:  

- Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 2022 жылы алкоголь өнімдерінің заңсыз айыналымы бойынша 12 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша 20 мыңнан аса дайын контрфакті суррогат алкоголь өнімі алынған. 12 мың литр спитрт алынған. Одан бөлек 29 мың бос бөтелке тәркіленіп алынған. Олар бойынша жою жұмыстары жүргізілген. Одан бөлек 12 мың литр спирт мемлекет есебіне өткізілген.