Өскемендік онкологтар күрделі операциялар жасай алады

Осыған дейін тек Британия мен Израиль сынды дамыған елдерде жасалатын операцияны енді, шығысқазақстандық дәрігерлерде жасайды.

Жергілікті ақ халаттылар , сүйек ісігі, аде-нома және мио-маны анықтап, емдей алатын жаңа аппаратты игерген. Отандық дәрігерлер шетелдік мамандармен бірге бұрын-соңды елде жасалмаған операцияны жасап көрген. Атап айтқанда, пациенттің өкпесі мен жүрегінің арасында пайда болған 5 келіге жуық ісік, сәтті алынып тасталды. Оның үстіне операция эндос-копиялық әдіспен жасалған. Онкологтар осы әдіспен , аурудың асқынған 4-ші кезеңіндегі науқастарға да, операция жасай алатындарын айтады. Атап өткен жөн, қазір шаһарда  ТМД елдерінде баламасы жоқ диагностикалық аппараттар қолданылады. Алдағы уақытта шалғайдан келіп емделетін пациенттерге арналған, медициналық пан-сионат ашу жоспарланып отыр.

Әділбек Баймұсанов,  облыстық Көпсалалы онкология және хирургия орталығының бөлімше меңгерушісі:

- Осыған дейін біз өңештің жоғарғы бөлігіндегі онкологиялық ісікке операция жасай алмайтынбыз.  Оған сәуле терапиясы қолданылатын. Себебі індеттің асқынуы жылдам жүретін. Қазір оны да үйрендік. Лондон мен Израильде оқыған кезде әлемнің үздік хирургтерінен тәлім алып, білім жетілдуге мүмкіндік туды.