Қазақстандықтар Түркияға 150 тонна гуманитарлық көмек жинады

Қазақстандықтар Түркияда зардап шеккендерге 150 тонна гуманитарлық көмек жинады. Және 32 миллион теңге қаражат жиып, оны түрік Афад қорына аударды.

Қазір еліміздің барлық өңірінде зат қабылдау пункттері бар. Жергілікті еріктілер мен белсенділер жиылған заттарды сұрыптап, орап, барлығын алдағы уақытта Түркия Республикасының елшіліктері мен консулдықтарына жеткізетін болады. Бүгінде Жамбыл облысының белсенділері қажетті заттарды 17 жүк көлігіне тиеген. Қайырымдылық акциясына блогерлер де қосылғанын айта кеткен жөн.