Шымкентте жаңа әлеуметтік нысандар салынады

Оқушылар сарайы, перинаталды орталық және 25 мектеп.

Шымкентте алдағы уақытта осындай әлеуметтік нысандар бой көтереді. Ауқымды жоспар жайында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жергілікті атқамінерлер баяндады.  Өңірге жасаған жұмыс сапары кезінде вице-премьер аталған жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Құрылысы аяқталуға жақын «Оқушылар үйі»  биыл пайдалануға беріледі. 2  мың балаға шақталған кешенде шағын футбол, баскетбол, волейбол залдары және воркаут алаңы орналасады. Мегаполисте үш ауысымды мектептерді жою үшін «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 25 оқу ордасы кезең-кезеңімен бой көтеретін болады. Қазір шаһардағы 800 оқушыға шақталған мектептерде 2 мыңнан астам бала оқуға мәжбүр. Бала туу көрсеткіші жоғары қалада заманауи талаптарға сай келетін перинаталдық орталықтың қажеттілігі де өткір мәселе. Сондықтан, Алтай Көлгінов перзентхананың жобалау құжаттарын биылдан қалдырмай аяқтауды тапсырды.