Түркістан облысында 1000-шы мектеп ашылды

900 орындық білім ұясы Сарыағаш ауданында ел игілігіне берілді. 

Президен Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытып, білім беру ұйымдарымен қамту жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл ретте демографиялық өсімі жоғары өңірде мектеп саны 1000-ға жетті. Жаңа мектептің құрылысы 2020 жылы басталған. Мұнда оқушылардың алаңсыз білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасалған. Білім ұясында кітапхана, оқу және медиа зал, химия, физика, еңбек және информатика кабинеттері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Үлкен спорт залы, 300 орынға арналған асхана жұмыс істейді. Медициналық 2 бөлмесі бар. Өртке қарсы дабыл қаққыш, 17 сыртқы және 60 ішкі бейнебақылау камералары орнатылған. Облыста 2023-2025 жылдары кезең-кезеңімен 96 мектептің құрылысын салу жоспарланған. 

Дархан Сатыбалды, облыс әкімі:

- Қазіргі таңда бізде 700 мыңнан астам балаларымыз бар. Мектептке дейінгі, мектептегіні бәрін қосқанда. 2400-ден астам білім беру ұйымы болатын болса, мектепке баратын балалар саны 514 мыңнан астам. Сол себепті бұндай білім ордаларының біз үшін маңызы зор. Зәулім мектептің ашылуы баршамызға құтты болсын.