Екібастұзда электр энергиясын тұтынушыларға 500 млн теңге өтемақы төленеді

Екібастұзда электр энергиясын тұтынушыларға 500 млн теңге компенсация төленеді.

Экономикалық қылмысты тергеп-тексеру департаментінің инспекторлары, монополистің электр құрылғыларын жөндеуге жұмсалған 2,4 млрд теңге шығынды, тарифті көтеру арқылы өтеп алмақ болғанын анықтады. Жабдықтардың ешқандай жөндеуден өтпегені белгілі болды. Мердігерлер тек жалған есеп-фактураларын толтырған. Нәтижесінде екі фирманың директоры, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Асан Асылхан, ПО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істерді тергеу басқармасының тергеушісі:  

- Қылмыстық істің нәтижесі бойынша өтемақылық тариф енгізілді.  Тұтынушыларға қайтарылған соманың мөлшері 500 млн теңгеден асады.