Абай облысыда 100-ге жуық шаруа қожалығының мүддесі қорғалды

Абай облысының бірнеше ауданында жергілікті шенеуніктер 100-ге жуық шаруа қожалығын әуреге салған.

Әкімдік қызметкерлері дайын тұрған құжаттарды бермей, түрлі сылтаумен уақыт созған. Іске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облыстық департаменті араласқан соң ғана, мәселе шешілді. Сонымен қатар Семей қаласында гүл сатумен айналысатын кәсіпкерлер үш ай бойы жер телім-деріне жалдау мерзімін, ұзарта алмапты. Әкімдіктегілер «бұл қала көркін бұзады» деген желеумен, тиісті шешім шығармаған.

Рүстем Тоқбергенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Нәтижесінде тараптармен пікір алмасып, әкімдікке іс-әрекеттерінің заңсыз екенін жеткізіп, мәселенің оң шешімін шығардық. Мәселен, Абай, Жарма аудандарында жер телімдерін жалға алу шарттарын созып, уақтылы бермей отырған. Оған қоса осы шарттардың ішіне заңда қарастырылмаған, кәсіпкерлердің құқықтарын шектейтін қосымша талаптар енгізілген.