Жамбыл облысы Жуалы ауданында 18 отбасы баспаналы болды

Жамбыл облысы Жуалы ауданында 1 жылдан аса бос тұрған тұрғын үй пайдалануға берілді.

Пәтер кілттері үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға табысталды. Жоба құны 184 млн теңге. 18 пәтерлі баспана негізінен 2021 жылдың желтоқсанында аяқталған. Бірақ инфрақұрылымына жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбей, баспана иелеріне уақытылы берілмеді.  Бұл жайында жаңалықтардан айтқан едік. Мәселе, биыл шешімін тапты. Жылу қазандығы салынып, көп-пәтерлі үйге, су мен жарық берілді.