Шығыста тау бөктерінен 260 мың текше метр қар түсірілді

Шығыста тау бөктерінен 260 мың текше метр қар түсірілді

Шығыс Қазақстан облысы көшкіннің алдын алуға қамданып жатыр.

Биыл қар қалың түсті. Сол себепті күн сайын таудан қар түсіріледі. Бүгінге дейін 260 мың текше метр қар шығарылған. Ал Самар, Алтай, Қатонқарағай сынды аудандарға апаратын жолдарда әлі де қауіп бар. Сірескен қардың көбесі сөгілсе, кез келген уақытта жолды басып қалуы мүмкін. Мәселен, Өскемен-Таулы Үлбі бағытында күніне 300-400 көлік өтеді. Сондықтан құтқарушылар тау бөктерінде жарылыс жасап, 3700 текше метр қар түсірді. Мамандардың айтуынша, қауіп әсіресе наурыз айында күшейеді.

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД бас маманы:

- Наурыз айы күннің бір жылып бір суып тұратын кезі, ең қиын кезең көшкін қауіпі ең ауыр кезең. Дауылды ескерту жаряланған кезде салғырт қарамау керек,себебі кенеттен шыққан немесе оқыс дауыс  болсын қар көшкініне себепкер болуы мүмкін.