Мақат ауданында ескі тұрғын үйлерді жөндеу басталды

Мақат ауданында көп қабатты үйлерді жөндеу жұмыстары басталды.

Бұл баспаналар өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған. Сол кездегі жоба бойынша төбесі  жұмсақ жабындымен жабылған екен. Енді жылдар өте келе төбедегі қара қағаз  тозып, жапсарларынан су аға бастады.  Сондай-ақ көптен күтімсіз қалған үйлердің келбеті көнеріп, желдеткіш шахталары бітеліп қалған.  Тұрғындардың өтініші бойынша жергілікті билік биыл ғимараттардың  шатырын көтеріп, қас бетін әрлеуге кірісті. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 1 млрд теңге қарастырылған.  Мақат, Доссор кенттерінде 100 ден аса көп қабатты үй бар. Олар кезең-кезеңімен жөнделетін болады.

Жандарбек Сарбасов, аудандық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Бұл-аудандағы елді мекендерді бірыңғай архитектуралық келбетке келтіру мақсатында «тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға енгізілген өзгерістердің арқасында осындай жұмыстарды бастап жатырмыз. Аудан орталығы- Мақат кентінде 12 көп қабатты тұрғын үйдің төбе шатырын жөндеу жұмыстары жобаланған. 4 үйдің жұмысын бастадық, әзірге.