Атырау облысында заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді

Атырау облысында 3,5 мың литр алкоголь өнімі тәркіленді.

Полиция жедел іздестіру шаралары кезінде Құлсары қаласындағы қоймалардың біріннен заңсыз сақталған өнімді анықтады. Онда жалпы құны 7 млн теңге болатын 6,6 мың құмыра арақ табылды. Бұл дерек бойынша, күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.