Елімізде балабақшаға кезек 2 есе азайды

Елімізде балабақшаға кезек 2 есе азайды. Бұл туралы бүгін Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова мәлімдеді.

Оның айтуынша 4 жыл бұрын кезекте 560 мың бала тұрған. Қазір олардың саны 227 мыңға тең. Жауапты ведомство өкілдері бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамту жұмыстарын әрі қарай да жалғастырып жатыр. «Қазір жергілікті атқарушы органдарға тиісті қаражат бөлінуде», -дейді.

Манара Адамова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры:

-  Мектептке дейінгі орынды кеңейту үшін кезенктілікті азайтуға жұмыс жасау үшін әрбір балаға трансферттер беріліп отыр. Бұл қаражат алдағы 3 жылға бөлінген. Сондықтан 2023 жылдан бастап 20 өңірде 80 мың орынға кеңейту, 25 жылға дейін тағы орын санны ашу жоспарланып отыр.

Балабақшалардағы білім беру сапасын күшейту мақсатында Оқу-ағарту министрлігі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделін әзірледі. Оған сәйкес әр баланың жеке ерекшеліктері ескерілетін болады. Яғни тәрбиешілер оның қандай дағдылары бар екенін анықтап, соған басымдық береді.