Елімізде вирустың Омикрон шматы әлі де жойылмай тұр

Тәулігіне 120 адам короновирус жұқтырады. Бұл туралы Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімдеді.

Айтуынша, ауру жұқтырғандардың 99%-і емделген. Алдыңғы 2 аптамен салыстырғанда ауру 1,4 есеге артқан. Коронавирусқа шалдыққандарды емдеу мақсатында 2056 төсек орын дайындалды. Сондай-ақ тұмау жұқтырғандардың да қатары артып кеткен.

Роза Қожапова, ҚР ДСМ Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы:

- Тұмаудың 3213 жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1299 жағдай. Өткен аптамен салыстырғанда тұмау жағдайларының саны 11 жағдайға өсті. Эпидемиологиялық маусым басталғалы жіті респираторлық вирус инцекциясы 3,5 млн жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2,3 млн жағдай.