Елде меншік иелері бірлестіктерін құрғандар тым аз

Кондоминиум объектілерін тіркеуде проблемалар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

2019 жылы қабылданған мүліктің меншік иелерінің бірлестігіне көшу нормалары, әлі толық іске асырылмаған. Бұл туралы сенатор Бауыржан Қаниев мәлімдеді. Оның айтуынша, көппәтерлі тұрғын үйлердің 85%-і жай серіктестік құрған, ал мүліктің меншік иелерінің бірлестігін небәрі 11,5%-і таңдады. Басқару тетігін таңдамаған пәтер иелері де бар. Осы орайда Сенатта тұрғын үй шаруашылығы мәселелеріне қатысты заңға өзгерістер енгізуді мақұлдады. Құжатта кондоминиум объектісін тікелей бірлесіп басқаруды құру көзделеді. Бұл норма пәтер саны 16-дан аспайтын тұрғын үйге қатысты қолданылады. Жай серіктестік құру үшін де пәтерлер санын шектеу ұсынылды. Енді 30 пәтерден аспайтын тұрғын үйлерде ғана жай серіктестік құра алады. Қалған көппәтерлі тұрғын үйлер мүліктің меншік иелері бірлестігі қолданылуы тиіс.