Атыраулық кәсіпкерлерге ₸2 млрд субсидия төленеді

Биыл атыраулық кәсіпкерлердің несиелік шығындарын өтеу үшін 2 млрд теңгеге жуық субсидия төленеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Обл

ыста 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Ұлттық жоба» жоспары жүйелі жолға қойылған. Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету. Оның ішінде субсидиялау, кепілдеме беру, жеңілдікпен шағын несие беру, жаңа бизнес нысандарына инфрақұрылым құрылысын жеткізу және мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Облыс бойныша Жылыой ауданының кәсіпкерлері көш бастап тұр. Өткен жылы аталған аудан бойынша құны 6,5 млрд теңге болатын 128 жоба субсидияланыпты. Мемлекет қолдауына сүйенген кәсіп иелері жылыжай, ет өнімдерін өндіру секілді ауылшаруашылығына қатысты  жобалар мен тұрмыстық қызмет түрлерін аша бастады. 

Сәттіғұл Сұлтанов, облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:

- Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкер 6%-ін төлейді, қалған процентін мемлекет субсидиялайды. Осы бағытта 2023 жылға 2 мыңнан астам кәсіпкерді қаржыландыру жоспарланып отыр. Қосымша 1500 жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз.