Өскеменнің сейсмикалық картасы жасалады

Биыл Өскемен қаласының сейсмикалық аудандастыру картасы жасалады.

Бұл іспен сейсмологиялық институт ғалымдары айналысып жатыр. Шаһардың жер асты дүмпуіне ең осал учаскелері анықталады. Ал облыстың картасы дайын тұр. Енді құрылыс жұмыстарына қатысты нормалар да өзгеруі мүмкін.  Қазіргі салынып жатқан нысандарға қандай талап  қойылады. Оны бұзғандарды қандай жаза күтеді? 

Бұрын Шығыс Қазақстанда сейсмикалық зонаға жатпайтын аймақтар бар еді. Алайда облыс бөлінген соң біраз нәрсе  өзгерді. Енді өлке зілзала қауіпі бар өңірге жатады .Ғалымдардың айтуынша 7 балдан кем емес дүмпу  қатері бар. Ендеше  құрылыс саласында  олқылықтарға  жол берілмеуі керек. Сейсмикаға қарсы бекітулер, сыртқы қабырғаның беріктігі сынды міндеттер қатаң сақталу тиіс. 

Гүлмира Сәтпаева, ШҚО Құрылыс басқармасы жобалық-сметалық бөлімінің басшысы:

- Мысалы, Өскеменде 4 қабаттқа дейн тек кірпіш үйлер салуға болады, ал одан жоғары қабат салса онда монолитті қарастыру керекпіз. Монолит ғимараттарды 20 қабатқа дейін ғана.

Қазір қала шетінде шағын аудандар  күн санап үлкейіп келеді. Дүниені дүр сілкіндірген Түркиядағы зілзала мұндағы жұртты бірден алаңдатты. Дегенмен мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының мамандары  «сақ» отырмыз деп сендірді. Айтуларынша салынған нысан сапасына күмән болған жағдайда,  әр кірпіш пен  бетонның құрамы зерттеледі. 

Нұржан Нұрланұлы, ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

- Заң бұзушылықтар анықталған жағайда өз тарапымыздан әкімшілік іс қозғап, ұйғарым беріліп жатады, кейбір жағдайда  сот шешімімен талаптар сәйкес келмей жатқан конструкциялар бұзуға дейін жетіп жатады.

Соңғы  жылдары  мұндай деректер  тіркелмепті. Енді қаладағы құрылыс саласына қойылатын талаптар дайындалып жатқан сейсмикалық құжатқа байланысты өзгеруі де мүмкін. 

Нұрсәрсен Өзбеков, ҚР ТЖМ "Сейсмология институты" ЖШС директорының орынбасары /Алматы қаласы/: 

- Біз қазір Үкімет бөлінген қаражат арқылы Өскемен қаласының шағын сейсмикалық аудандастыру картасын жасап жатырмыз, ол карта 2023 жылы біту керек,осы карта арқылы Өскемен қаласының қандай қауіптер бары туралы мәліметтер берілетін болады.

Жалпы  өлкенің әсіресе оңүстік, оңтүстік шығыс бөліктері жер асты дүмпуіне  бейім дейді мамандар.

Бұл тізімге Алтай тауларына жақын жатқан Шемонайха ауданы да кіреді. Қазір мұндағы құрылыс нысандары сақтықты күшейтіпті. Мына салынып жатқан  үй бастан аяқ арматурамен құрсауланған екен. Кем дегенде 7 немесе 8-9 балдық сілкініске  төтеп береді дейді мамандар. 

Бақытжан Молдаханов, Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары:

- Біріншіден, кірпіштен,қызыл кірпіш қолданылып жатыр, қабырғалардың арасы, қабаттардың арасы арматура арқылы байланыстырылған. Бетонмен құйылған. 

Құрылыстың талапқа сай болуына тек салалық басқармалар ғана емес қоғам болып  ат салысуға болады дейді сарапшылар. Яғни белгіленген міндеттемеге көз жұма қараған мердігер команиялардың үстінен тұрғындар да арыз-шағым түсіре алады.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов