Еліміздің 11 облысы мен Астана қаласында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 11 облысы мен Астана қаласында дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктер бұл аймақтарда қар жауып, боранды күндер басталады деген болжам жасап отыр. Елордада, Ақмола, Қарағанды өңірлерінде секундына 15-20 метрлік жел мен көктайғақ болады. Түркістан облысында найзағай ойнап, тұман түседі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл аймақтарында боран соғады.