Еліміздің 11 өңіріндегі жолдардың 32 бөлігі жабылды

Күн райының бұзылуына байланысты еліміздің 11 өңіріндегі жолдардың 32 бөлігі жабылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық операторы телеграмм каналында хабарлады. 

Жолдардың бұл бөлігінде қар тазаланып, көктайғаққа қарсы жұмыс жүргізіліп жатыр. Жол қозғалысы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелген. Астанадағы қатты көктайғаққа байланысты полицейлер тұрғындарды жолда сақ болуға шақырып отыр. Сондай-ақ, қаладан шығатын барлық бағыттағы жол жабық екенін ескертеді.