Оралда 40 мың тұрғынның суға қарызы бар

Оралда қаланы сумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорын жаңа технологияны пайдаланбақ.

Енді берешегі көбейген абонентті арнайы құрылғының көмегімен уақытша ажыратып тастауға мүмкіндік бар.

Айта кету керек, 40 мыңдай тұрғынның суға қарызы 150 миллион теңгеге жеткен. Бұл қаражат бізге желілерді жаңғырту үшін ауадай қажет. «Сондықтан, қарызды қайтарудың өзге де әдістерін қолданамыз», -дейді кәсіпорын басшылары.

Әнуар Аркенов, Сумен қамту мекемесінің бас директоры:

- Өзара жасалған келісімге сәйкес Несие бюросына қарызы бар тұрғындар жөнінде мәлімет береміз. Кейін ол адам шағын несие ұйымдарынан толық көлемде қаржылай қолдау ала алмайды. Тұрғындардың берешегі тым  көбейіп кетпеуі үшін осындай қадамға барып отырмыз.