Ақтөбе облысында бораннан 520 адам эвакуацияланды

Ақтөбе облысында ақтүтек боран салдарынан, 2 мыңға жуық көлік жолда тұрып қалған.

Басым бөлігі жүк көліктері болғанымен, жеңіл машиналар мен 23 жолаушылар автобусы да бар. Құтқару жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізілді. 520 адам эвакуацияланып, сегіз жылыту пунктіне орналастырылды. Жолаушылардың арасында балалар да бар. Мұғалжар ауданы, Жарық ауылынан Қандыағаш қаласындағы ауруханаға шыққан жүкті әйелді, жол талғамайтын көлікпен жеткізді. Ал тұрып қалған автобустардың жолаушыларын сол маңдағы ауылдарға апарды. Қазір «Самара-Шымкент» тас жолының бойындағы Хромтау қаласынан Қызылорда облысына дейінгі тасжол жабық тұр.

Асылбек Оспанов, облыстық ТЖД басқармасының инженері:

- Әйтеке би ауданында 4 жолаушылар автобусы эвакуациялаудың керектігі туралы хабар келіп түсті. Нәтижесінде, 110 Өзбекстан азаматы, 110 Тәжікстан азаматы эвакуацияланды. Қалған автобустар республикалық трассада болғанымен, олар Қазақстан азаматтары олар құтқарылды.