Қызылордада азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жәрмеңкеге тұрақтандыру қорынан алынған тауарлар шығарылды.

Арзанның сапасы татиды ма? Тұрғындардың пікірі қандай?

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

-Қыстың соңғы күндерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін жәрмеңкеге үйіп-төгіп әкелмейтіні белгілі. Дегенмен, соңы уақытта әсіресе көкөністің бағасы ырық бермей кетті. Қызылордада әр аптаның сенбі күні тұрақтандыру қорынан алынған азық-түліктің нарық бағасынан біршама арзан ұсынылуының да басты себебі осы.

Мұндай жәрмеңке әр апта сайын қаланың әр аумағында өтті. Бұл жолғысы Мерей ықшам ауданында ұйымдастырылған. Сауда-саттық бірер минут бұрын ғана басталды. Ең маңыздысы - тауардың сапасы мен бағасы екені белгілі. Сондықтан біз де бір шолып шықсақ. Баға турасындағы пікірді тұрғындардың өздерінен сұраған жөн болар...

БЛИЦ:

- Картоп 125 теңге, сәбіз 130 теңге, пияз 90 теңге, ұн 180 теңге, қант 425 теңге, күнбағыс майы 665 теңге, қарақұмық жармасы 514 теңгеден сатылуда.

Тұрақтандыру қоры бағаны ырықтандыру үшін тағы қандай шараларды қолға алған? Бұл сұрақты осы жерде тұрған мамандарға қойсақ. Арзан азық-түлікті, көкөністі қай жақтан жеткізіп жатсыздар? Әлеуметтік дүкендер үздіксіз жұмыс істеп тұр ма?

Талғат Бекішов, "Байқоңыр" ӘКК басқарма басшысы:

- Барлығы 13,5 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері ұсынылуда.

Жәрмеңке алдағы уақытта да  әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын болады.