Ақтөбеде қоқыс жәшіктері маңына нанға арналған бөшкелер орнатылды

Ақтөбеде қоқыс жәшіктері маңына нан мен ұн өнімдеріне арналған қосымша бөшкелер орнатылды.

Тұрғындарды «ас атасын» аяқ асты етпеуге Темірлан Махмедұлы деген жергілікті азамат үндеп жүр. Тұрмыстық қалдықпен бірге қоқыс полигонына төкеннен гөрі, қайта өңдеп пайдаға жарату абзал дейді. Дастарханнан түскен нанды ұсақтап, төрт-түлік пен ит-мысыққа азық жасауды көздейді. Дайын өнімді сатып, пайда табу мақсат емес деп отыр. Түскен қаражатты қосымша жәшік алуға жұмсамақшы. Әзірге Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің маңына оннан астам бөшке орнатқан.

Темірлан Махмедұлы, қала тұрғыны:

Байқаймыз осы нан жерде жатады, қоқыстардың жанына іліп кетеді адамдар обалсынып. Соны ойлап шешімге келдік. Бочкаларды сатып алып жатырмыз. Тазартып, краскілеп, сваркісін жасап осы күйге жеткіземіз. Алдағы уақытта осы Ақтөбе қаласының Астана ауданы бойынша барлық аулаларға қоямыз деген ниеттеміз.