Кәсіпорындарда жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясында 1 жылда 2 мыңдай заңбұзушылық болған. Бұл туралы Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов хабарлады.

Мамандар енді жоспардан тыс тексеріс жүргізеді. Ол кезде де талаптар орындалмаса, кәсіпорын жауапқа тартылады.

Жалпы, былтыр елдегі кәсіпорындарда 25 апат болып, 32 адам зардап шекті. Бақылау-қадағалау қызметі аясында 2 жарым мыңға жуық тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 30 мыңнан аса қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісі анықталды. Ержелерді өрескел бұзғаны үшін 733 өндірістік нысанның жұмысы тоқтатылды. Қазір 10 мыңға жуық кәсіпорын мамандардың бақылауына алынған.

- Былтыр, өкінішке қарай, «АрселорМиттал Теміртауда» 2 мыңға жуық қауіпсіздік ережсі бұзылған. Құзырлы орган заң бойынша материал рәсімдеп, ұйғарым шығарады. Кәсіпорын нақты көрсетілген мерзімде олқылықтың орнын толтыруы керек. Сондай-ақ заңды тұлға заң аясында жауапқа тартылады. Кейін біз жоспардан тыс тексеріс жүргіземіз. Қателік қайталанса, заңды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша жазаланады.