Келер жылдың 1-қаңтарынан бастап әскерилердің жалақысы 30% өседі

Келер жылдың 1-қаңтарынан бастап әскери қызметшілердің жалақысы әскери атағына байланысты 30% өседі.

Бұл жайында Таразға арнайы келген Қорғаныс министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, төтенше жағдай салдарын жою кезінде, әскерилерге төленетін жәрдемақыны 3 есеге өсіру жайы да қаралып жатыр. Кездесуде әскери қызметшілер мен олардың отбасына қолайлы жағдай жасау жайы да талқыланды. Сондай-ақ, басқосуда 2016 жылдан кейін зейнетке шыққан қызметкерлерге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайтару мәселесі көтерілді. Медициналық көмек пен баспана жайы да талқыға салынды. Министрлік өкілінің айтуынша, аталған мәселелер ведомставаның басты назарында. Бұл бағытта ауқымды жұмыс жүріп жатыр.

Тілеухан Басқожаев, ҚР Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы:

- Үкімет басшысының орынсарының жетекшілігімен үлкен жұмыс тобы құрылды. Сол жұмыс топтың осы қазір талқылап жатқан, пысықтап жатқан мәселелер осы ақша қаражат әлеуметтік жобалар. Енді үкімет тарапынан бұл мәселе оңтайлы тиімді шешімін табылу үшін жүйелі қадамдар, іс-әрекеттер жасалып жатыр.