Еуразия ұлттық университетінде Светқали Нұржанмен әдеби кеш өтті

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі ақын Светқали Нұржанмен әдеби кеш өтті.

Кездесуге университеттің студенттері мен оқытушылары, зиялы қауым өкілдері қатысты. «Ай таранған түн» тақырыбындағы кеште ақын шығармашылығы жайында әңгіме өрбіді. Қазақ поэзиясы мен прозасының келешегі және кітап оқу сөз болды. Жалпы университетте «Кәусәр» мәдени-танымдық бірлестігі жұмыс істейді. Соның аясында елге белгілі тұлғалармен тұрақты түрде тағылымды кездесу өтіп тұрады.

Светқали Нұржан, ақын:

- Бұл кітап оқымау деген мәселе 100 деген тиражбенен, кітаптар шығып жатырған кездің  өзінде де, ол проблема мәселесі көтеріліп тұратын әр заманда да ол көтеріледі. Кітап оқу ешқашан қалмайды. Қалса жаңағы ұстап тұрған бұтақтан айырылады. Жаны қас болып, адамзат өзінің түбіне жеткісі келмесе, сондықтан кітап оқылады.

Кенжеғали Мыржықбай, «Кәусар» мәдени танымдық бірлестігінің жетекшісі, өнертану профессоры:

- Біздің формат былай. Өзгеше. Ақын-жазушы болса оның шығармаларын студент жатқа оқиды. Композитор болса әндерін орындайды бірінші бөлімде, екінші бөлімде қонағымызбен сұхбат, одан кейін өзінің өлеңін оқиды, әңгімесін айтады, осындай формат.