Екібастұздағы апатты ауыздықтауға атсалысқан жандар марапатталды

Екібастұздағы жылу электр орталығында болған апатты ауыздықтаған мамандарға мемлекет басшысының марапаты табысталды.

Президент атынан 19 маман "Ерен еңбегі үшін" медаліне ие болды. Олардың қатарында слесарь, дәнекерлеуші және сантехниктер бар. Сондай-ақ 30-ға жуық жөндеу құрамының маманы мен еріктіге Алғыс хат берілді. Төс белгіні Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов табыстап, Екібастұз қаласының тұрғындарына шыдамдылық танытқаны үшін ризашылығын білдірді. Қаладағы апатпен күрескен барлық азаматқа алғысын білдірді.