Елімізде Қызылша ауруының таралу қаупі бар

Елімізде Қызылша ауруының таралу қаупі бар. Жыл басынан бері 11 күдікті жағдай тіркеліп, оның 6-уы зертханалық жолмен расталған.

Мамандар ауру Қарағанды, Жетісу және Ақтөбе облыстарында тіркелгенін, ал ауырғандардың дені 14 жасқа дейінгі балалар екенін айтады.  Қырғызстан, Украина, Ресей және Тәжікстанда эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы байқалады. Түркістан облысы денсаулық сақтау саласының мамандары дерттен қорғанудың ең тиімді жолы - қызылшаға қарсы екпе алу екенін айтады.

Нұрбек Нышанов, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- 14 жасқа дейін осы қызылша, қызамық аурушаңдығы бойынша балалар егілмеген болса, міндетті түрде емдеу мекемелеріне жүгінуге болады. Егу тегін жүргізіледі. Себебі бұл асқынған жағдайда аурушаңдықтың қабынуы ларингид, тамақ ауруларының асқынуына, мидың қабынуына әкелуі мүмкін.