Отандық дәрі-дәрмектің үлесі 50% артады

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің фармакология саласындағы заңдары жетілдіруді қажет етеді.

Олар клиникалық зерттеулерді жүргізуге кедергі келтіреді. Бұл туралы Алматыда өткен 14-ші Еуразиялық фармацевтикалық форумда айтылды. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақ аумағында дәрілерді клиникалық зерттеуден өткізу үлесі азайған. Ресейде ол 29% сәл асады. Екінші орында Беларусь тұр. Қазақстан үшінші орында. 2010 жылдан бері біздің еліміз 84 клиникалық зерттеу жүргізсе, Ресей 18 мың зерттеу өткізген. Қазіргі таңда отандық фарминдустрияда 96 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 33-і дәрі шығарса, 41-і медициналық бұйымдар жасайды. Ал 22-сі медициналық техника өндіреді. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер ішкі нарықтың 17% ғана қамтамасыз етеді. Қалғаны шетелден әкелінеді. Болашақта қазақстандық фармкомпаниялар ішкі нарықтың 50% дейін отандық өніммен қамтуды жоспарлап отыр.

Вячеслав Локшин, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті:

- Қазақстанда инновациялық өндіріс пайда болды. Төрт ірі завод бар. Олар халықаралық стандарттарға сай, жоғары сапалы дәрі-дәрмек жасап отыр. Тіпті заводтарда инновациялық биосимилярлар өндіріледі. Биосимилярлар онкологиялық және эндокринологиялық ауруларға қарсы қолданылады.