Семейде тасқын қаупі төнген 15 аумақ бар

Абай облысындағы бірнеше ауданның оқуышлары сабақты қашықтан оқиды.

Семейдің өз басында екінші ауысымда оқитын оқушылар мен колледждердің 1-ші, 2-ші курс студенттері де онлайнға көшті. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала әкімдігінің хабарлауынша, шаһар көшелері мен қала маңындағы ықшам аудандарды су мен қардан тазартуға 60-тан астам арнайы техника мен мердігерлік ұйымның 10 бригадасы жұмылдырылған.

Айта кетейік, Семейде тасқын қаупі төнген 15 аумақ бар.

Әділбек Увасилов, Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Су еріп бастағаннан 12 мың текше метр су шығарылды. Дренаждік жүйелерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Су тасу қаупі бар аумақтардан қар шығару жұмыстары екі ауысыммен жалғасуда. Оған 45 Камаз бен 10 жүк тиегіш жұмылдырылған.