Ел мектептеріне бейнебақылау камералары орнатылғанымен, олардың 6 мыңы ғана, яғни 64%-і ғана ақпаратты жедел басқару орталықтарына жөнелтеді. Бұл туралы бүгін Үкіметте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір әкімдіктер камераларды орталықтарға қосу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Қыркүйек айына дейін мектептердегі қауіпсіздік жүйлері толық қамтамасыз етілуі керек, - деді Оқу-ағарту министрі.
