Петропавлда мектептегі оқиға кезінде жараланғандар ауруханадан шықты

Петропавлда мектепте болған қайғылы оқиға кезінде жарақат алған оқушылар ауруханадан шықты.

Жасөсіпірімдердің денсаулығы қазір бірқалыпты. Олар жарты айдан астам уақыт ем-дом қабылдаған. Дәрігерлер балаларға оқуды үйде жалғастыруға рұқсат етті. Себебі науқастардың миы шайқалып, бас сүйектеріне зақым келген. Осы күнге дейін олармен психолог, невропотолог сынды мамандар жұмыс істеді. Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының он үші күні Петропавлдағы нөмірі төртінші орта мектепте 15 жастағы бала білім ұясына балта және пышақ алып келіп, қатарластарын соққыға жыққан еді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ал күдікті қамауда отыр.

Нұрлан Айманов, облыстық көп бейінді балалар ауруханасының директоры:

- Қосымша МРТ жасалынды. Неврапотолог қарады, психолог қарады. Барлық ем шаралары жасалынды. Осы екі бала осы ауруханадан шығарылып, үй жағындағы мекемелерге қаралуға салынды. Оқу енді біз рекомендация жаздық. Выпискасында жылдың аяғына дейін үйден оқу болады деп жаздық. Оның шешімі енді мектепте.